399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі қазақ полицей «Әлем қаһарманы» атағына ие болды

  • 144
Нью-Йорктегі қазақ полицей «Әлем қаһарманы» атағына ие болды prosports.kz

Димаш Ниязов WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) ұйымының «Әлем батыры» марапатына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«COVID-19 пандемиясының қиын-қыстау кезеңінде біз алдыңғы қатарда жұмыс істеуді жалғастыратын ең батыл ерлеріміздің еңбегін ескеруге шешім қабылдадық», – деді бокс қауымдастығы өкілдері.

Димаш Ниязов Шымкентте дүниеге келіп, 13 жасында ата-анасымен АҚШ-қа көшкен. Ол жергілікті полиция қызметінде жұмыс істейді, сонымен қатар кәсіпқой бокспен айналысады. 2017 жылы Димаш Ниязов Нью-Йорк полициясындағы қызметі үшін арнайы төсбелгіні алды. Ол бокстағы көптеген беделді кубоктардың иегері және «Нью-Йорктегі ең үздік полиция офицері» атағына ие болған.

Хабар 24 телеарнасы