411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин - Альварес трилогиясы 2021 жылға шегерілді

  • 69
Головкин - Альварес трилогиясы 2021 жылға шегерілді prosports.kz

ESPN мәліметі бойынша, DAZN стриминг сервисі Сауль Альварестің 2020 жылға жоспарланған жекпе-жектерін коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегереді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді «Канело» Билли Джо Сондерспен 2021 жылдың мамырында жұдырықтасады. Кейін қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізеді.

Алайда бұл нақтыланбаған мерзім. Қазіргі уақытта бірнеше сценарий бар екені, бәрі пандемия жағдайына байланысты жасалады.

Бұған дейін «Канелоның» күзде Сондерспен қолғап түйістіріп, 2020 жылыдң соңына қарай Головкинмен жұдырықтасуды қалайтыны хабарланған.

Қазіргі уақытта Альварестің командасы биыл екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Оның командасы қазір ықтимал қарсыластар іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы