405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Макгрегор жеке рейтингінде өзін екінші орынға қойды

  • 176
Макгрегор жеке рейтингінде өзін екінші орынға қойды Sportbox

Екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор тарихтағы үздік файтерлердің рейтингін түзді, деп хабарлайды prosports.kz.

Макгегордың жеке рейтингі:

1. Андерсон Силва

2. Конор Макгрегор

3. Жорж Сен-Пьер

4. Джон Джонс

Айта кетейік, бұған дейін UFC мен Bellator-дың бұрынғы файтері Чейл Соннен салмақ дәрежесіне қарамастан UFC-дің үздік спортшылары рейтингін ұсынды. Ол бірінші орынға ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовті қойды. Оның айтуынша, ресейлік файтер әлі жеңілген жоқ және бәсекелестік жоғары дәрежеле чемпионы атанды.

Ол жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камар Усманға екінші орын берді. Сонненнің рейтингінде Генри Сехудо үшінші орын алды.

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор төртінші орында. Ұйымның екі салмақтағы чемпионы Аманда Нуньес үздік бестікті түйіндеді.

Хабар 24 телеарнасы