427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин: Зинедин Зиданды жаза күтіп тұр

  • 2387
  • UPD: 09:59, 25.05.2020
Карантин: Зинедин Зиданды жаза күтіп тұр Спорт-Экспресс

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан пандемияға байланысты енгізілген карантин ережесін бұзды, деп хабарлайды vesti.kz sport.es сайтына сілтеме жасап.

Зидан Мадрид аумағынан шығып, қала маңындағы ауылдағы үйіне барған. Ереже бұзғаны үшін франциялық маманға 1500 еуро көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Коронавирустың ары қарай таралуының алдын алу мақсатында Испанияда қала аумағынан шығуға тыйым салынған. Мұндайға ерекше жағдайда ғана рұқсат етілген.

Айта кетейік, футболдан Испания чемпионаты 8 маусымда жалғасын табады. Дегенмен Ла лига қатаң хаттаманы ұстанады.

Хабар 24 телеарнасы