412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАӘ клубы Бауыржан Исламханға жаңа келісімшарт ұсынды

  • 202
  • UPD: 17:01, 25.05.2020
БАӘ клубы Бауыржан Исламханға жаңа келісімшарт ұсынды Inform.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» сапында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

БАӘ клубы қазақстандық Бауыржан Исламхан және венгриялық Балаж Джуджак сияқты легионерлерін алып қалуға тырысып отыр. «Әл-Айн» командасының бас бапкері Педро Эмануэль қазақстандық футболшының ұзағырақ қалып, БАӘ президенті кубогы мен ел чемпионатын ұтып алуға көмектескенін қалайды.

Еске салайық, Бауыржанның арабиялық командамен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Мұның алдында қазақстандық футболшының агенті Марат Арчегов Исламханға Ресей мен Италияның А сериясынан қызығушылық барын айтқан.

Исламхан БАӘ чемпионатындағы қымбат футболшылар қатарына кірді

Бауыржан Исламхан араб клубтарының біріне ауыспақ

Хабар 24 телеарнасы