423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спорттық атудан Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі жаңартылды

  • 359
  • UPD: 10:02, 27.05.2020
Спорттық атудан Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі жаңартылды ҚР ҰОК

Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңа жүйе Олимпиада ойындарының 2021 жылға шегерілгеніне байланысты Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) тарапынан қабылданып отыр. ISSF 2021 жылы Финляндияның Лохада 10 метр қашықтық бойынша өтетін Еуропа чемпионаты мен 2021 жылы Хорватияның Осиек қаласында жоспарланған Еуропа біріншіліктерін жолдама үлестіретін іріктеу турнирі ретінде өткізуді ұсынды. Аталған жарыстар коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған болатын. 2020 жылғы жарыс күнтізбесі бойынша стенд атудан Еуропа чемпионаты Шаторда (Франция), стенд атудан квалификациялық Еуропа чемпионаты Пльзеньде (Чехия) өтуі тиіс еді.

Лохадағы дода 26 ақпан мен 8 наурыз арасында, ал Осиектегі біріншілік 23 мамыр мен 6 маусым арасында өтеді деп жоспарланған. Жоспарланған Еуропа чемпионаттары өткізілмеген жағдайда Токио Олимпиадасына жолдама 2020 жылғы еуропалық рейтинг бойынша үлестіріледі.

Хабар 24 телеарнасы