405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Попко АҚШ-тағы турнирде алғаш рет жеңілді

  • 158
Теннис: Попко АҚШ-тағы турнирде алғаш рет жеңілді Prosports.kz

Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-та өтіп жатқан коммерциялық турнирде алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп жазады Prosports.kz.

Бұған дейін үш ойында жеңіске жеткен отандасымыз төртінші кездесуде алаң иесі Бьорн Фратанджелодан жеңілді 

Кездесу 6:3, 1:6, 1:6 есебімен аяқталды.

29 мамырда Дмитрий Попко осы теннисшіні 6:1, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Отандасымыз турнирдегі алғашқы кездесуінде корт қожайыны Маккензи МакДональдты 6:3, 6:4 есебімен, ал екінші матчта Доминикан спортшысы Роберто Сидті 6:3, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. 

Хабар 24 телеарнасы