405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Италияда күн сайын матч өтуі мүмкін

  • 254
Футбол: Италияда күн сайын матч өтуі мүмкін

Италия А сериясының қалған бөлігі 20 маусымда жалғасады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора мәлімдеген болатын.

Италиялық басылымдардың хабарлауынша, чемпионат басталғаннан кейін аптаның әр күнінде матч өтуі мүмкін. Оның үстіне маусым, шілде айларында күн ыстық болатындықтан, түстен кейін матч өтпейді. 

Қазіргі жоспар бойынша, матч басталатын уақыт төмендегідей болады. 

Дүйсенбі 21:00

Сейсенбі 19:00

Сәрсенбі 19:00, 21:00

Бейсенбі 19:00, 21:00

Жұма 21:00

Сенбі 17:15, 19:30, 21:00

Жексенбі 17:15, 19:30, 21:00.

Осылайша, 2 тамыздан бұрын чемпионат аяқталады. 

Хабар 24 телеарнасы