427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барысты» енді кім баптайды?

  • 473
  • UPD: 23:03, 01.06.2020
«Барысты» енді кім баптайды? prosports.kz

Allhockey.ru порталы «Барыс» хоккей клубында орын алуы мүмкін өзгерістер жайлы материал жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік басылымның хабарлауынша, Алексей Кудашов қазақстандық клубтың бас бапкері қызметіне басты үміткер саналады. 

Бұған дейін «Барыстың» тізгінін ұстауы мүмкін мамандар ретінде қазақстандық, ресейлік және алыс шетелдік бірнеше бапкердің аты аталған. Олардың арасында қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Андрей Назаров, фин бапкері Томек Валтонен қатарлы мамандар бар. 

Алайда біз сөз етіп отырған материалда бұл екі бапкердің Қазақстанға келу мүмкіндігін жоққа шығарады. Кем дегенде Шығыс конференциясының финалына шығуды көздейтін «Барыс» бұларға қарағанда әлдеқайда тәжірибелі маман іздестіріп жатыр деп санайды.

Басылым сонымен қатар Қазақстан хоккейімен жақсы таныс, «Сарыарқаны» бастап Петров кубогын жеңіп алған Леонид Тамбиевті де еске алған. Бірақ бұл маман өзіне жаңа клуб тауып алды.

Осыларды қорытындылай келе, «Барыс» үшін Алексей Кудашов тиімді таңдау деп есептейді. Соңғы ақпараттарға қарағанда, Кудашов СКА бас бапкері қызметінен кетеді.

Бірақ «Барысты» баптайтын маман Қазақстан ұлттық құрамасын да жаттықтыратыны көптеген бапкер үшін үлкен проблема екенін алға тартады. Себебі клуб пен құраманы бірдей алып жүру оңай жұмыс емес.

Бұл тығырықтан шығудың жолы ретінде, Алексей Николаевич «Барысты» тікелей жаттықтырып, Қазақстан құрамасының кеңесшісі ретінде жұмыс атқару керек деген ұсыныс айтады. Ал құрама тізгінін Юрий Михайлиске ұстату керек. Ол «Номадты» жаттықтырған, Қазақстан хоккей жүйесімен жақсы таныс маман дейді.

Айта кетейік, 6 сәуірде «Барыс» бұрынғы бас бапкері Андрей Скабелкамен қоштасқанын мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы