427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы Елеусінов Африкадағы елдің тумасымен жекпе-жек өткізбек

  • 276
  • UPD: 22:56, 05.06.2020

Әлемдік аренада ел мерейін асқақтатып жүрген спортшыларымыз аз емес. Солардың бірі Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов. Әуесқой бокста атой салған жерлесіміз енді кәсіби рингте жетістікке жетсем дейді. 

Спортшыларды тек жеңіске жеткен кезде ғана іздеп жатамыз. Әсіресе туған жерден жырақта жүрген ұл-қыздарымыз тасада қалып қояды. Төрт жыл бұрын ғана төбемізді көкке жеткізіп, Қазақ еліне Олимпиаданың алтынын сыйлаған Данияр Елеусіновті де көптен көрмедік, естімедік. Кәсіпқой боксқа ауысып қарсыластарына бет қаратпай жүрген Данияр қазір қайда? Не істеп жүр? Қашан шаршы алаңға шығады деген сауал жанкүйерлерді мазалап жүргені анық. Сондықтан мұхиттың арғы жағында жүрген Даниярмен телефон арқылы тілдесуге тура келді.    

Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы:

- Осы жылы сәуір айында Индонго қарсы жекпе-жегім өтуі тиіс болатын. Қарсылас сол қалыпты Индонго болып қалатын болды. Тек әзірге өтетін мерзім белгісіз. Тамыз айында, мүмкін оған дейін маусым айында өтіп қалатын шығар. Енді промоутерлар шешіп жатыр ол сұрақты. 

Кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізіп бәрінде жеңіске жеткен Данияр енді Намибия мықтысымен қолғап түйістіреді. Қазір дайындығын пысықтауда. Әлемдегі пандемияға байланысты біраз өзгеріс болды. Дегенмен, карантин кезінде де бар мүмкіндікті пайдаландық дейді боксшы. 

Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы:

- Мына жақта карантин сонша қатты болған жоқ. Көбіне торговый центрлер, тамақ ішетін ресторандар кафелер жабық болды. Бірақ көшеге шығуға әрдайым мүмкіндік болды.  Маска киіп жүруімізді сұрайды. Дегенмен, басқа да көпшілік баратын жер ашық тұр. Спортзалда бокс залы да ашылды. Жаттығуға мүмкіндік бар. 

Даниярды әкесі жаттықтырады. Баласы үшін бәріне төзіп, бар білгенін үйретіп жүрген Марат ағамыз туған жерге деген сағынышын жасыра алмады. 

Марат Елеусінов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы:

- Елді әрине сағынасың. Елді, ағайын-туыс бүкіл бауырларымыздың бәрі сол жақта болған соң. Оның ішіне достар, жанұямызбен араласатын достар,барлығы сол жқта бәрін сағынасың әрине. Елді сағынасың жерді сағынасың. 

Америка Құрама Штаттарына қыдырып барған Даниярдың анасы да пандемияға байланысты Қазақстанға қайта алмапты. Қазір Елеусіновтер отбасы Майами маңында тұрып жатыр.

Авторы: Жандос  Айтбайұлы

Хабар 24 телеарнасы