425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайрат» футзал клубы бас бапкермен шартын ұзартатын болды

  • 224
  • UPD: 21:59, 05.06.2020
«Қайрат» футзал клубы бас бапкермен шартын ұзартатын болды

Алматылық «Қайрат» футзал клубы бас бапкер Мауло Рикардо Какамен келісім-шартты ұзартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңа келісімшарт негізінде бас бапкер 2023 жылға дейін алматылық клубта қызмет атқарады.

Айта кетерлігі, Кака 2018 жылдан бері «Қайрат» клубын баптап жүр. Бразилиялық маманның басшылығымен «Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатын, Қазақстан кубогін ұтты. Сондай-ақ қатарынан екі рет Суперкубокке қол жеткізді. УЕФА Чемпиондар лигасының 2018/2019 маусымында күміс жүлдеге ие болды.

Хабар 24 телеарнасы