424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді

  • 432
Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді prosports.kz

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz

Marca басылымы XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының тізімін жасады. Геннадий Головкинге рейтингіде 77 орын бұйырыпты. Қазақстандық боксшы рейтингіде теннисші Стэн Вавринка, футболшы Лука Модрич, футзалшы Фалькао және боксшы Владимир Кличконың алдын орап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мансабында 40 жекпе-жекте жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, біреуінде ұтылған. Сондай-ақ қазақстандық боксшы WBC мен WBA Super белбеулерін иемденген. Қазір оған IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеуі тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы