418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МакГрегор мансабын «тағы да» аяқтады

  • 214
МакГрегор мансабын «тағы да» аяқтады Prosports.kz

UFC ұйымы екі дивизионының бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегор мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы өзінің твиттер-аккаунтында бұдан былай жекпе-жектерге шықпайтынын мәлімдеді.

«Сәлем жігіттер, мен төбелестен кетуге шешім қабылдадым. Баршаңызға жақсы естеліктер үшін рақмет! Біз қандай жолдармен жүріп өттік! Міне, мына фотосуретке Лас-Вегаста әлем чемпионы атағының бірін жеңіп алған соң анам екеуміз түскенбіз! Арманыңа қол соз, мен бәрін жақсы көремін. Нені қаласаң, сол сенікі!», – деп жазды Конор.

Еске сала кетелік, МакГрегор бұрын да үлкен спортпен екі рет қоштасқан еді, алайда октагонға артынша оралып отырды.

Хабар 24 телеарнасы