418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан ұлттық құрама Алматыда жаттығып жатыр

  • 200
  • UPD: 13:56, 09.06.2020

Алатау бөктерінде боксшылардың оқу-жаттығу жиыны жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалым Кенжебаев баптайтын ұлттық құрама алғашқы аптада далада дайындалды. Яғни ашық аспан астында арнайы жаттығулап жасап, ептілік пен жылдамдықты қалпына келтірді. Енді біртіндеп техниканы жетілдіруге басымдық берілмек. Оқу-жаттығу жиыны 18 маусымға дейін жалғасады. Айта кету керек, еліміз бойынша мұндай форматтағы дайындықты боксшылар алғаш болып бастады. Олардың арасында ел бойынша бірінші, екінші және үшінші нөмірлі былғары қолғап шеберлері бар. Барлығы да коронавирусқа қатысты тест таптырды және қазір санитарлық талаптарды қатаң сақтайды. Боксшылардан кейін дзюдо, күрес, ауыр атлетика сияқты басқа да олимпиадалық спорт түрлерінен оқу-жаттығу жиындары басталуы керек. Бірақ олардың кестесіне қатысты әзірге ешқандай апқарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы