420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

World Judo Tour жарыстары қыркүйек айында басталуы мүмкін

  • 390
  • UPD: 11:36, 09.06.2020
World Judo Tour жарыстары қыркүйек айында басталуы мүмкін

Халықаралық федерация президенті (IJF) Мариус Визер ұлттық федерацияларға COVID-19 індетіне байланысты дзюдодан тоқтатылған әлемдік додаларды қайта бастау туралы ресми хат жолдады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы халықаралық федерация ресми сайтында мәлімдеме жасады. IJF президенті Мариус Визер атқарушы комитетпен бүкіләлемдік дзюдо турнирлерін жаңарту туралы талқылау басталғанын айтты.

«IJF қазіргі жоспар бойынша World Judo Tour жарыстарын қыркүйек айында бастауды көздейді. Оған дейін жағдай реттеліп, қалыпты режимге көшеміз деп сенеміз. Сіздермен қауышуды асыға күтеміз және де барлығыңызға амандық тілейміз!», – делінген ресми хатта.

Хабар 24 телеарнасы