423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Садақ атудан әлемдік жарыс 2 жылға шегерілді

  • 370
  • UPD: 18:30, 09.06.2020
Садақ атудан әлемдік жарыс 2 жылға шегерілді

Халықаралық садақ ату федерациясы 2020 жылғы алаңдағы әлем чемпионатын кейінге қалдыру туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Olympic.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған жарыс биыл қыркүйек айында әлемдегі ең үлкен садақ ату базасы орналасқан АҚШ-тың Янктоне аймағында өтуі тиіс еді. Бұл жақта осыған дейін жастар арасындағы жабық алаңда садақ атудан дүниежүзілік біріншілік өткен болатын. Мұндай шешім COVID-19 індетіне байланысты спортшылардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылданған. Халықаралық федерация мәлім еткендей, енді 2020 жылға жоспарланған ашық алаңдағы әлем чемпионаты 2022 жылы өтеді.

Хабар 24 телеарнасы