418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UFC: Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы анықталды

  • 222
  • UPD: 15:37, 10.06.2020
UFC: Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 11 шілдеде өтетін UFC251 турнирінде октагонға шығады, деп хабарлады Prosports.kz.

Жұмағұловтың UFC-дегі дебюті Fight Island-да («Сарбаздар аралы») өтеді. Атақты промоушн туы астындағы алғашқы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болмақ. Бұл файтер 19 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен. UFC-де үш кездесу өткізген. Оның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген. 

Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұдан бөлек негізгі жекпе-жектер қатарында Александр Волкановски – Макс Холлоуэй және Пётр Ян – Жозе Альдо кездесулері бар. 

Хабар 24 телеарнасы