417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан әйелдер құрамасы жаттығу жиынын бастады

  • 235
Бокстан әйелдер құрамасы жаттығу жиынын бастады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрама командасы «Ақ бұлақ» Олимпиада орталығында оқу-жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорттық нысанға негізгі және қосалқы құрам спортшыларымен бірге команда дәрігері де келді. Эпидемиологиялық талапқа сәйкес, 24 спортшы арнайы тексерістен өтіп, жаттығуға кірісті. Бас бапкердің айтуынша, аталған жаттығу жиынында жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөледі. Жаттығу жиындары 26 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командасы ұзақ үзілістен кейін бірінші рет оқу-жаттығу жиындарына жиналып отыр.

Хабар 24 телеарнасы