423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коби Брайант қайтыс болғаннан кейін «Эмми» сыйлығымен марапатталды

  • 279
  • UPD: 11:21, 12.06.2020
Коби Брайант қайтыс болғаннан кейін «Эмми» сыйлығымен марапатталды

Биыл өмірден озған «Лос-Анджелес Лейкерс» командасының аты аңызға айналған баскетболшысы Коби Брайант «Эмми» сыйлығымен марапатталды.

Марапаттау рәсімі 18 шілдеде өтеді, деп жазды Prosports.kz.

Брайант спорттық мансабында «Лос-Анджелес Лейкерс» клубында ойнады. Командамен бірге ол Ұлттық баскетбол ассоциациясының (НБА) бес чемпиондық титулын жеңіп алды. Ұлттық құрамамен екі мәрте Олимпиада алтынына ие болды.

Коби Брайант осы жылдың қаңтарында Калабасас қаласының маңында тікұшақтың апатқа ұшырауынан (Калифорния, АҚШ) қайтыс болды. Бортта оның қызы Джианна және тағы жеті адам болған.

Айта кетсек, «Эмми» сыйлығы Америка Құрама Штаттарында теледидар саласындағы басты сыйлық болып табылады, жыл сайын оны Америкалық теледидар академиясы ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы