423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қыркүйекте таеквондодан төрт бірдей жарыс өткізілуі мүмкін

  • 395
  • UPD: 15:21, 12.06.2020
Қыркүйекте таеквондодан төрт бірдей жарыс өткізілуі мүмкін

Халықаралық таеквондо федерациясы COVID-19 пандемиясының салдарынан Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылуына байланысты жарыс кестесіне өзгеріс енгізу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Нәтижесінде халықаралық федерация маусым мен шілде айларына жоспарланған барлық доданы өткізбейтін болды. Таеквондодан карантиннен кейінгі алғашқы жарыс тамыз айында өтеді деп жоспарлануда. Олар: KIM UN YONG CUP INTERNATIONAL OPEN TAEKWONDO CHAMPIONSHIPS және Malaysia Open.

Одан кейін қыркүйек айында бірден төрт жарыс күтіп тұр. Олар: Polish Open, Mount Everest Open, Russian Open, Tallinn Open.

Хабар 24 телеарнасы