426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Даңқты балуан жұқпалы дертпен ауруханаға түсті

  • 381
  • UPD: 11:10, 14.06.2020
Даңқты балуан жұқпалы дертпен ауруханаға түсті

Семейлік даңқты балуан, Қазақша күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы, Әлем барысы Кубогының иегері Айбек Нұғымаров жұқпалы аурумен ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Семей қалалық әкімдігі хабарлап отыр. Олардың әлеуметтік желідегі парақшасында Семейдегі екі бірдей колледж директоры қауіпті індет жұқтырғаны айтылған. Олар көлік колледжі директоры Айбек Нұғымаров пен электротехникалық колледж директоры Азат Сарпеков. Осыған байланысты әкімдіктегілер жұртты сақтық шараларын барынша сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Еске сала кетейік, Семейде ШҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен карантиндік шектеу шаралары шілденің біріне дейін ұзартылды. Ол бойынша, азық түлік дүкендері таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін, ал басқа сауда орындары сағат 10-нан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Ойын-сауық, той томалақ, жаппай бұқаралық сипаттағы жиындар өткізуге болмайды.

Хабар 24 телеарнасы