423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрестен 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізуден үміткер ел табылды

  • 420
  • UPD: 17:07, 14.06.2020
Күрестен 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізуден үміткер ел табылды

Біріккен күрес әлемі (UWW) халықаралық жарыс кестесіне өзгеріс енгізуде.

Атап айтар болсақ, еркін, грек-рим және әйелдер күресінен әлем чемпионатының өткізілу мерзімі талқыланды. Әлем біріншілігін биыл өткізу туралы шешімді ешкім құптаған жоқ. Осылайша әлем чемпионатын келесі жылы ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.

Норвегия күрес федерациясының мәліметінше, әлемдік дода 2021 жылы Ослода өтеді. Хабарламада жарыстың 2-10 қазан аралығында ұйымдастырылатыны айтылған.

Хабар 24 телеарнасы