423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлімханұлының промоутері бокстағы жаңа жұлдызды атады

  • 378
  • UPD: 09:57, 15.06.2020
Әлімханұлының промоутері бокстағы жаңа жұлдызды атады

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум жартылай жеңіл салмақтағы WBO чемпионы америкалық Шакур Стивенсонды (14-0, 8 КО) бокстың жаңа супержұлдызы деп атады.

Бұл туралы vRINGe.com хабарлады.

«Бокста супержұлдыз бола алатындай Шакурде мүмкіндік пен тұлғалық барына сенеміз. Ол өзін осы спортқа арнады, ерекше талантты және көрерменмен бір толқында болады. Ал екі езуі құлағына дейін жетіп күлгенде... Бұл жігітке еш нәрсе бөгет болмайтынына кәміл сенемін», - деді Арум Stats Perform News порталына берген сұхбатында. 

Соңғы рет Стивенсон 9 мамырда жұдырықтасып, екінші жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде пуэрториколық Феликс Карабальоны (13-2-2, 9 KO) нокаутпен жеңді. 

Айта кетейік, Top Rank компаниясымен орта салмақта WBO Global және WBC Continental Amiericas титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) да келісімшартта бар. 

Хабар 24 телеарнасы