418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері өмірден озды

  • 215
  • UPD: 10:24, 15.06.2020
Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері өмірден озды olympic.kz

Отандық спорт ардагері Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев өмірден озды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Серік Әбденәлиев – бүкіл өмірін боксқа арнаған жан. Өзі боксшы ретінде бірнеше рет ел чемпионатында топ жарса, мемлекеттік жаттықтырушы ретінде де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлық: оның басшылығымен боксшылар Атланта олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды. Ал Сидней олимпиадасында бокс жарыстарына төрелік еткен бірінші қазақстандық төреші ретінде танылды.

Хабар 24 телеарнасы