418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Канелоның» лагеріндегі қазақстандық боксшы 35 жекпе-жегі бар америкалықпен жұдырықтасады

  • 215
  • UPD: 11:59, 15.06.2020
«Канелоның» лагеріндегі қазақстандық боксшы 35 жекпе-жегі бар америкалықпен жұдырықтасады Сурет: қазақстандықтың инстаграм желісінен

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Бобиржан Моминовтің (10-0, 8 КО) келесі қарсыласы аталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы Top Rank компаниясының 16 маусым күні Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтетін шоуы аясында рингке оралады.

BoxRec ақпаратынша, қазақстандықтың келесі қарсыласы – 26 жастағы америкалық Кэмерон Краел (17-15-3, 4 КО). Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Моминов соңғы рет 23 наурызда АҚШ-тың Коста-Месе қаласында жұдырықтасып, жергілікті Джонатан Стилды (9-3-1, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

Моминов көпшілікке Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 35 КО) лагеріне қатысқанымен белгілі болды. 2017 жылы ол мексикалыққа қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) бірінші жекпе-жегі алдында спарринг серігі болған.  

Хабар 24 телеарнасы