418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі дүркін Әлем барысы атанған қазақстандық спортшыдан коронавирус анықталды

  • 185
  • UPD: 20:57, 16.06.2020

Осыдан екі күн бұрын түйе палуан, екі дүркін Әлем барысы атанған Айбек Нұғымаровтан да коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желідегі жазбасында спортшы қауіпті індеттің қашан және қалай жұққанын білмегенін айтады. Сондықтан ол қазақстандықтарды сақтық шараларын естен шығармауға шақырды.

Айта кетейік, қазір Айбек Нұғымаров Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы