Германия чемпионатының 32-турының матчында «Бавария» Бременнің «Вердерін» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мюнхендіктердің матчтағы жеңісті және маусымдағы алтын голын Роберт Левандовски соқты. Поляк сұрмергені бірінші тайм аяғында мергендігімен көзге түсті.
Бремендегі жеңістен кейін «Бавария» екінші орындағы «Боруссиядан» чемпионат аяқталуға екі тур ғана қалғанда 10 ұпай озып кетті.
Айта кетейік, «Бавария» 30-рет ел чемпионы атанды. Команда бұл титулды қатарынан сегізінші рет жеңіп алды.