423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыстың» жаңа бас бапкері тағайындалды

  • 352
  • UPD: 15:46, 17.06.2020
«Барыстың» жаңа бас бапкері тағайындалды Шайба.kz

Өткен маусымда «Номадты» тізгіндеген қазақстандық маман Юрий Михайлис «Барыстың» бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Юрий Михайлис «Барыспен» бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

51 жастағы маман «Барыстың» жүйесінде 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Еске салайық, Юрий Михайлис былтырдан бері Жоғары хоккей лигасында ойнайтын «Номадты» жаттықтырады. Оның жаттықтыруымен елордалық команда 2017 жылы Қазақстан чемпионы болған.

Хабар 24 телеарнасы