420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысындағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді

  • 391
  • UPD: 22:39, 17.06.2020

Шалғай ауылдардағы ескі әлеуметтік нысандар қалпына келтіріліп жатыр. Павлодар облысының Май ауданындағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді.

Көктөбе ауылының тұрғындары үшін заманауи футбол алаңы мен жаңартылған спорт кешені де көп ұзамай ашылады. Ауданда «Ауыл – ел бесігі бағдарламасы» арқылы осындай бірнеше жоба жүзеге аспақ. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі  1991 жылы  қолданысқа берілген. Тоқырау жылдары бірнеше жыл есігі жабық тұрыпты.  Алайда ауданның спортшыларының арқасында  ғимарат  сақталып қалған.  Араға   30 жыл салып міне биыл  «Ауыл  Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарын жүгізуге қомақты қаржы бөлініп отыр.  Атап өтерлігі бұл спорт мектебінен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған талай спортшылар түлеп ұшқан.

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қатысушысы Дәулет Шабанбай,  Азия чемпионы Ернұр Қабатаев пен Универсиада алауын жаққан Елдос Мағзұмов және  белбеу күресінен  әлем чемпионатында 2-ші орынға ие болған  Ақылбек Қанағат   осы  залда шыңдалған.  Спорт нысанының  тозғаны соншалық   шіріп кеткен  едендері  опырылып түсіп жатыр.  Соған қарамастан  жаттықтығулар тоқтаған емес. Мекеме қызметкерлері қолдан келгенше өз күштерімен жамап жасқап келген.

Сағдат Отаров,  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  директоры:

- Енді өздеріңіз куәсіз, көріп отырсыздар біздің мынау едендеріміздің қалай шіріп кеткенін. Өйткені жердің суы жақын. Сондықтан бізге бұл міндетті түрде жөндеу керек. Биыл міне ақша бөлінді. Сондықтан биыл міне еденімізді ауыстырып, оған спорттық линолеум  саламыз.  Енді ғимаратты ақтап, сырлап бір нәтижесіне жетіп, 1 қыркүйекте балаларымыз шұғылдана бастайды.

Жергілікті спортшыларды тағы бір тосын сый күтіп тұр. Аудан орталығында  стадион қалпына келтіріліп жатыр.  Бұрын ауыл балаларының футбол ойнайтын алаңдары болмайтын.  Мердігерлер  оны мерзімінен бұрын аяқтамақ. Құрылысқа   қазіргі заман талабына сай келетін замауи  материалдар қолданылады. 

Жаңабыл Сыздықов, телім басшысы:

- Ерекшелігіне тоқтала кетсем  оның негізі  құм, шағыл тас және   жасанды жабындыдан тұрады. 10 см қалыңдықта құм төгіліп, үстіне шағыл тас төгіледі. Тегістеп, әбден  бекіткеннен кейін жасанды шөп жабындысын төсейміз. Оның үсті қорғаныс материалдары яғни  кварц  құмы мен  түйіршік материалдар төгіледі.

Футбол алаңының айналасында  7,5 мың шаршы метрлік жүгіру жолағы орналасады. Ол да ерекше  технологиямен салынып жатыр.  Көрермен мінбері жаңартылып, стадионды жарықтандыру ісі қатар жүргізіледі.

Айбек Байжасаров, Май ауданының мәдениет,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

- Бізде мынау  көбінесе күрес жағы өте керемет дамыған. Волейбол,  тоғызқұмалақ жағы дамыған.  Енді бізде футболмен жүгіру жағы  дамыса өте зор үлесін,  мынау жалпы жас ұрпаққа, келер ұрпаққа денсаулық, салауатты өмір салтын сақтау. Бұл менің ойымша бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын.

Май ауданына  биыл «Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасы  бойынша 320 миллион теңге бөлінген.  Демек,  бірсыпара  ауылдың  мәселесі оң шешімін табады.  

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы