418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ролан Гаррос» турниріне көрермендер кіргізіледі

  • 197
«Ролан Гаррос» турниріне көрермендер кіргізіледі XSPORT.ua

Француз теннис федерациясының (FFT) президенті Бернард Джудицелли 2020 жылғы Франция ашық чемпионатына көрермен кіргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

«Көрерменсіз турнир болмайды. Көрермендер саны туралы түпкілікті шешім болмағанымен, ол мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылданады», – деп Джудицелли Reuters агенттігіне сілтеме жасады.

Еске салайық, «Ролан Гаррос» 18 мамырдан 7 маусымға дейін өткізілуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты турнир кейінге қалды. Жарыс Парижде 21 тамыз-11 қыркүйек аралығында өтетіні белгілі болды.

Ал АҚШ ашық біріншілігі көрерменсіз өтеді. Турнирдің өту уақыты өзгермейді. Теннис бәсекесі 31 тамыз бен 13 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы