431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду алғаш рет қатарынан екі финалда ұтылды

  • 295
  • UPD: 11:01, 18.06.2020
Роналду алғаш рет қатарынан екі финалда ұтылды

Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду алғаш рет қатарынан екі финалда ұтылды, деп хабарлады vesti.kz Goal басылымына сілтеме жасап.

«Ювентус» Италия кубогының финалдық матчінде «Наполиге» есе жіберді. Римдегі «Олимпико» стадионында өткен ойынның негізгі уақытында гол салынбады. Ал пенальти сериясында «Наполи» футболшыларының жолы болды – 4:2. «Ювентус» бұған дейін суперкубок үшін таласта «Лациодан» ұтылды (1:3). 

Осылайша, «Ювентус» екінші жыл қатарынан Италия кубогын иелене алмай отыр. Роналду ауысып келгенге дейін туриндік клуб бұл трофейді төрт жыл қатарынан ұтқан. «Ювентус» – Италия кубогын 13 рет иеленген рекордсмен. «Наполи» оны алтыншы рет жеңіп алды.

Роналду «Ювентуске» 2018 жылы жазда «Реалдан» ауысты. Футболшы мен команда арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін жасалған.

Хабар 24 телеарнасы