418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресми. Шавкат Рахмонов 26 шілдеде UFC-де дебютін өткізеді

  • 234
  • UPD: 17:17, 19.06.2020
Ресми. Шавкат Рахмонов 26 шілдеде UFC-де дебютін өткізеді prosports.kz

Қазақстандық файтер, жеңіл салмақтағы М-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы (77 келі) Шавкат Рахмоновтың (12-0) келесі жекпе-жегін өткізетін күнін анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен, 25 жастағы ММА шебері Рахмонов UFC-дегі дебютін 26 шілдеде өтетін UFC Fight Night 174 турнирінде өткізеді. Алдағы турнир Әбу-Дабидегі Яс аралындағы «Сарбаздар аралында» өтеді.

Шавкаттың америкалық промоушндағы қарсыласы 33 жастағы ресейлік Рамазан Эмеев (18-4) болмақ. Эмеев UFC-де дебютін 2017 жылдың қазан айында UFC FN 118 турнирінде өткізген. Соңғы үш жыл ішінде файтер америкалық ұйымның 3-1 рекордын жеңіп алды. Ресей спортшысы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қарашасында өткізген.

Шавкат Рахмонов туралы айтатын болсақ, «Номад» соңғы кездесуін былтыр маусымда айында өткізіп, M-1 Global титулын сәтті қорғады.

Бастапқыда Рахмонов осы жылдың наурыз айында Лондонда өтетін турнирде дебют өткізеді деп күтілген. Бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты Шавкаттың дебюті белгісіз мерзімге кейінге қалды.

Хабар 24 телеарнасы