418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Криштиану Роналду рекорд жаңартты

  • 295
  • UPD: 17:57, 23.06.2020
Криштиану Роналду рекорд жаңартты

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Италия А сериясында ең көп гол соққан португалиялық ойыншы атанды, деп жазды Prosports.kz.

«Болоньяға» қарсы ойында Роналду Италия А сериясындағы 43-голын соқты. Бұл – португалиялық футболшылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұған дейін аталған рекорд «Милан» мен «Фиорентинаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Руй Коштаға тиесілі болатын. Ол Италия чемпионатында 42 гол соққан.

Айта кетейік, Роналду Испания Ла лигасы («Реал», 311 гол) мен Англия Премьер лигасында («МЮ», 84 гол) да дәл осындай рекорд тіркеген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы