424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиада күніне орай спортшылардың қатысуымен онлайн марафон өтті

  • 542
  • UPD: 21:38, 23.06.2020
Олимпиада күніне орай спортшылардың қатысуымен онлайн марафон өтті

Халықаралық Олимпиада күніне орай отандық спортшылардың қатысуымен онлайн марафон өтті.

Елдос Сметов, Элизабет Тұрсынбаева, Алексей Луценко, Василий Левит секілді олимпиадашылар бірнеше сағат бойы онлайн-сұхбат сұрақтарына жауап берді. Марафон кезінде жоспарларымен бөлісіп, арнайы конкурс жеңімпаздарын анықтады. Мәселен, үздік мурал кескіні байқауына өзге өңірлер де қатысты. Алматылық Рауан Мадияровтың эскизі үздік шықты. Онлайн-марафон «Олимпиада балалық шақтан басталады»тақырыбына арналды.

Жігер Әзбергенов, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми өкілі:

- Әр еліміздің аймағы өз үлесін қосып ДжиПиЭс трекер арқылы Олимпик-2020 және олимпиадалық 5 шеңберді жүгіріп өтіп, не болмаса жүгіріп өтіп өзінің үлесін қосты. Бүгін міне жалғасын тапты, дүниеге келген нәрестелерге еліміздің олимпиадашыларының арнайы хатын, киімі мен сертификатын еліміздің барлық перзентханасына жолдадық.

Хабар 24 телеарнасы