417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Агапова UFC-мен екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды

  • 185
  • UPD: 07:16, 24.06.2020
Агапова UFC-мен екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды Prosports.kz

Қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. 

Агапова атақты промоушен аясындағы екінші кездесуін 22 тамызда Лас-Вегаста (Невада) UFC Apex аренасында өткізеді. Кезекті қарсыласы 31 жастағы Шэна Добсон болады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, UFC аясындағы алғашқы жекпе-жегінде Агапова америкалық Ханна Сайферсті мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы