429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайратқа» келген легионер Вагнер Лавқа 800 мың еуро жалақы төленеді

  • 351
  • UPD: 11:53, 25.06.2020
«Қайратқа» келген легионер Вагнер Лавқа 800 мың еуро жалақы төленеді

Вагнер Лав алматылық клуб сапында 800 мың еуро көлемінде жалақы алады. Бұл жөнінде Meta-ratings.kz сайты жариялады.

Бұған қоса, мақалада бразилиялық футболшы мен ресейлік ЦСКА арасындағы келіспеушіліктің себебі де жазылған. Яғни мәскеулік клуб ойыншының агентіне ақы төлеуден бас тартқан. Ал,оның көлемі 300 мың еуроны құрайды. Есесіне бұл ақша қазақстандық командадан табылған.

Айта кетейік,  Вагнер Лав «Қайрат» сапында өнер көрсететіні жайлы  әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген еді. Қос тарап арасындағы келісім 6 айға есептелген. Легионердің өзі бұған дейін бразилиялық «Коринтианс» қатарында ойнады.

Хабар 24 телеарнасы