418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзалдан Қазақстан чемпионаты тамызда жалғасады

  • 156
  • UPD: 14:15, 25.06.2020
Футзалдан Қазақстан чемпионаты тамызда жалғасады

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан 2019/2020 жылғы Қазақстан чемпионатының қайта жандануы кем дегенде 1 тамызға қалғанын мәлім етті деп хабарлайды Prosports.kz «Қайрат» АФК-ның Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

«Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуі мен коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің көбеюін ескере отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хаты негізінде ҚФФ басшылығы футзалдан Қазақстан чемпионатын 2020 жылғы 1 тамызда жандандыру туралы шешім қабылдады», - делінген федерацияның хабарламасында.

Еске сала кетейік, бастапқыда Қазақстандағы футзал маусымы 3 шілдеде жалғасады деп жоспарланған. Ұлттық біріншіліктің қалған барлық матчы Нұр-Сұлтанда өтуге тиіс.

 

Хабар 24 телеарнасы