418,83 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

  • 227
  • UPD: 16:58, 25.06.2020
Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

Boxrec қазақстандық боксшы Серік Мұсаділовтің (5-0, 5 КО) келесі қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлады Prosports.kz.

Жерлесіміз америкалық Квинтелл Томпсонмен (4-10-1, 4 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек 17 шілдеде Майамиде (АҚШ) өтеді. Боксшылар жекпе-жекті 14 наурызда өткізуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бокс кеші тоқтатылған болатын.

Айта кетейік, Серік 2017 жылдың 29 қарашасынан бері шаршы алаңға шыққан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы