418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ливерпуль» – Англия чемпионы

  • 213
  • UPD: 09:12, 26.06.2020
«Ливерпуль» – Англия чемпионы Чемпионат

«Ливерпуль» – ағылшын премьер лигасының чемпионы.

Англиядағы футбол аламаны әлі аяқталмады. Бірақ жеңімпаздың есімі белгілі. Мерсисайдтық клуб соңғы 30 жылда алғаш рет осындай жетістікке жетіп отыр. Бұл жөнінде «Челси» мен «Манчестер Сити» арасындағы кездесуден кейін белгілі болды. 31-тур аясында лондондық клуб 2:1 есемен басым түсті. Нәтижесінде, турнир тізіміндегі «Ливерпуль» мен «Манчестер» арасындағы ұпай айырмасы арта түсті. Қазір 23 ұпайды құрайды және бұл чемпионат соңына дейін манчестерлік клуб бірінші орынға шыға алмайды дегенді білдіреді. Осыған байланысты «Ливерпуль» жанкүйерлері көшеге шығып, чемпиондықты тойлауды бастап кетті.

Айта кетейік, «Ливерпуль» ең соңғы рет 1990 жылы ішкі біріншілікте топ жарған.

Карл Эванс, жергілікті тұрғын:

– Біз бұл сәтті өте ұзақ күттік. Сүйікті командамыз топ жарғанына қуаныштымыз. Өкінішке қарай, матчтарды стадионға барып, өз көзімізбен көре алмадық. Бірақ үйде отырып жанкүйерлік таныттық. «Ливерпуль» – қазір Англиялағы ең мықты және ең табысты клуб.

Хабар 24 телеарнасы