423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу мерзімі өзгерді

  • 245
  • UPD: 15:26, 26.06.2020
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу мерзімі өзгерді

Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) жастар арасындағы әлем чемпионатын кейінге шегерді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жастар арасындағы дүниежүзілік біріншілік 2020 жылдың 2-9 қарашасында Польшаның Кельце қаласында өтеді деп жоспарланған еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты біріншілік 2021 жылдың 10-24 сәуірі аралығына ауыстырылды. Дода 3000 адамдық Hala Legionow спорт кешенінде өтеді. Жастар арасындағы әлем біріншілігіне 2002 жылдың 1 қаңтары мен 2003 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған жас былғары қолғап шеберлері қатысады.  

Хабар 24 телеарнасы