418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арсенал» Англия кубогының жартылай финалына шықты

  • 146
«Арсенал» Англия кубогының жартылай финалына шықты LiveSport.Ru

Бүгін Англия Кубогының 1/4 финалы аясында «Шеффилд Юнайтед» - «Арсенал» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лондондық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. 25-минутта Николя Пепе пенальтиді сәтті орындып, «Арсеналды» есепте алға шығарды. Алаң қожайындары 80-минутта Макголдрик голының арқасында таразы басын теңестіре алды. Әйткенмен 90-минутта Дани Себальос жеңісті голды соғып, Микел Артета командасын турнирдің 1/2 финалына алып шықты. 

«Арсеналдың» негізгі орталық қорғаушысы Давид Луиз екінші таймда жарақат алып қалды. 

Хабар 24 телеарнасы