418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде жеңіске жетті

  • 162
  • UPD: 14:52, 29.06.2020
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы көрме турнир аясындағы кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлады Prosports.kz.

ATP рейтингісінде 176-орында тұрған отандасымыз әлемнің 174-ракеткасы Алехандро Табиломен кездесті.

1 сағат 17 минутқа созылған кездесу 3:6, 10:7 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. 

Осылайша, Дмитрий Попко аталған турнирде қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. 

Хабар 24 телеарнасы