429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиада жүлдегері КВИ жұқтырды

  • 270
  • UPD: 16:32, 29.06.2020
Олимпиада жүлдегері КВИ жұқтырды

Ол қазір Талдықорғанда емханада жатыр.

Грек-рим күресінен 2008 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, қазіргі уақытта Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Нұрбақыт Теңізбаев вирус жұқтырды. Бұл туралы спорт журналисі Данияр Кәрімжан Телеграмм каналында хабарлады. 

«Нұрбақыт Теңісбаев жасатқан тест оның ағзасында коронавирус бар екенін көрсетті. Қазіргі уақытта спортшы Талдықорған қаласындағы емханалардың бірінде ем алып жатыр», - деп жазды Кәрімжан. 

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол 2009 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы. 

vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы