412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реал» ойыншысын «Интер» 40 млн еуроға сатып алды

  • 124
  • UPD: 17:11, 30.06.2020
«Реал» ойыншысын «Интер» 40 млн еуроға сатып алды

«Реал Мадрид» футбол клубының жас қорғаушысы Ашраф Хакими «Интер» ойыншысы атанды, деп жазды Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, Хакими жақында Милан қаласына барып, келісімшартқа қол қояды. Оның трансфері үшін «Интер» 40 миллион еуро жұмсайды. Ал жылдық жалақысы 5 млн еуро болады. Келісімшарт 5 жылға жасалмақ. 

21 жастағы мароккалық қорғаушы соңғы екі маусымда «Боруссия Дортмундқа» жалға берілген. Хакими дортмундтық команда сапында керемет өнер көрсетті. Биылғы маусымда Бундеслигада 32 ойынға қатысып, 5 гол соқты және 10 нәтижелі пас шығарды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында 8 матчқа қатысып, 4 гол соқты.

Хабар 24 телеарнасы