426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Месси мансабындағы 700-ші голын соқты

  • 467
  • UPD: 12:02, 01.07.2020
Месси мансабындағы 700-ші голын соқты prosports.kz

Ла Лиганың 33-турындағы матчта «Барселона» капитаны Лионель Месси тағы бір рекордты бағындырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның пенальтиден 50-минутта «Атлетико» қақпасына соққан голы 33 жастағы аргентиналыққа өзінің кәсіби мансабындағы 700-ші добы болды. Қазіргі уақытта Месси «Барселона» үшін 724 матчта 630 гол соқты. Ол сонымен қатар Аргентина үшін 138 матчта 70 гол соқты.

Ағымдағы маусымда Лионель Месси Испания чемпионаты-2019/2020 маусымда 28 матчта 22 гол соғып, 17 пас берді.

Хабар 24 телеарнасы