417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» велокомандасы виртуалды «Тур Де Франс» жарысына қатысады

  • 169
  • UPD: 17:49, 01.07.2020
«Астана» велокомандасы виртуалды «Тур Де Франс» жарысына қатысады

«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» онлайн веложарысына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Веложарыстың бірінші кезеңі 4 шілдеге жоспарланған.

Сенбіде басталатын дода алты кезеңнен тұрады. Велошабандоздар 19 шілдеге дейін өзара мықтыны анықтайды. Жарыс ережесі бойынша бір кезеңге 4 спортшыдан қатыса алады.

Таулы, спринтер және классификациялық нәтижелер бойынша жарыс қорытындысы шығады. Қазіргі таңда велододаға барлығы 39 команда тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы