418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дмитрий Попко екі қарсыласымен кездесті

  • 148
  • UPD: 17:34, 02.07.2020
Дмитрий Попко екі қарсыласымен кездесті

АҚШ-та теннистен All Lower level tournaments жалғасуда.

Аталған додадаға қазақстандық Дмитрий Попко қатысып жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

Кезекті жарыс күнінде Дмитрий Попко екі ойын өткізіп, оның біреуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, ресейлік Евгений Карловский арасындағы бәсеке 2:6, 6:4, 10:5 есебімен Попконың еншісіне шешілді. Ал екінші кездесуде ол канадалық қарсыласы Лиам Драксла есе жіберді. Ойын үш сетке созылып, 3:6, 6:4, 8:10 есебімен аяқталды. 

Айта кетерлігі, All Lower level tournaments додасында Дмитрий Попко небәрі екі рет қарсыласына жол берді. Пандемия кезінде аталған дода барлық қатаң талапты сақтанумен ұйымдастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы