418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси «Барселонадан» кетуі мүмкін

  • 196
Месси «Барселонадан» кетуі мүмкін Sportbox

«Барыс» хоккей клубы маусым алдындағы жоспарлы жаттығуды кейінге шегерді.

Сондай-ақ команданың жастар құрамының оқу-жаттығулары да тоқтатылған. Бірақ спортшылар екі апталық карантиннен кейін бірден бас қосып, жаттығуларды бастауға ниетті.

Ағылшын премьер-лигасының чемпионы «Ливерпуль» сырт алаңда Манчестер Ситиден ойсырай ұтылды. Лиганың 32-турында Ливерпульдың қақпасына қарсыластары жауапсыз төрт гол салды. Алғашқы таймда алаң иелерінен Кевин де Брейне, Рахим Стерлинг және Филип Фоден мергендігімен көзге түсті. Ал ойынның екінші жартысында Ливерпульдің жартылай қорғаушысы Окслейд Чемберлен өз қақпасына доп соғып, автоголдың авторы атанды. Айта кетейік, Юрген Клопп шәкірттері өткен аптада басты қарсыласы «Манчестер ситиден» 23 ұпаймен алға озып, турнир чемпионы деген атақты уақытынан бұрын иемденді. Гвардиолланың командасы әзірге екінші орында.

Пеп Гвардиола, «Манчестер Сити» ФК бас бапкері:

– Өте қуаныштымын. Себебі Англия тіпті Еуропа чемпиондарынан басым түстік. Олар да жанын салып ойнады. Тек жеңіс үшін келгендері көздерінен көрініп тұрды. Сондықтан біз де бар күшімізді салып, мықтылығымызды дәлелдедік.

Австрияда «Формула-1» басталады

Бүгін Австрияның Шпильберг қаласында Формула бір жарысының жаңа маусымының бірінші кезеңі басталады. Бұған дейін пандемияға байланысты оның ашылуы төрт айға шегерілген еді. Сондай-ақ жарыс кезеңі 22-ден 15 немесе 18 айналымға дейін қысқаруы мүмкін. Ұйымдастырушылар алдағы аптада жарыс маусымының кестесін толық жариялауға уәде етіп отыр. Биыл әлемнің алты дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон автожарыстың фавориті саналады. Ол Мерседес командасының жүргізушісі. Оның басты бәсекелестері ретінде Шарль Леклер, Себастьян Феттель  және Макс Ферстаппенның есімдері аталды. Кейбір басылымдар Мерседес көлігінің қозғалтқышында ақау бар деген ақпарат таратқан болатын. Алайда компания басшылығы оны жоққа шығарды. Австриялық кезеңнің жеңімпазы осы жексенбіде анықталады.

Месси «Барселонадан» кетуі мүмкін

Бұл туралы испандық Кадена Сэр басылымы жариялады. Мәліметке қарағанда, аргентиналық шабуылшы командамен арадағы келісімді ұзарту туралы келіссөздерді тоқтатты. Ол клуб үшін масыл болғысы келмейтінін айтқан. Оның үстіне команданың ішкі сырының сыртқа шығып кете беретіні де сұр мергенді мезі еткен. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары оны өзі қабылдамаған шешімдерге жауапты деп көрсетеді. 33 жастағы аргентиналық «Барселонаның» негізгі ойыншысы. Оның каталониялық клубпен келісімі келесі жылдың жазына дейін жарайды.

Хабар 24 телеарнасы