418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тау шаңғысы спорты бойынша 2021 жылғы әлем чемпионаты өзгеріссіз өтеді

  • 195
Тау шаңғысы спорты бойынша 2021 жылғы әлем чемпионаты өзгеріссіз өтеді olympic.kz

FIS Италияның Кортинада жерінде тау шаңғысынан биылғы әлем чемпионатының өзгеріссіз өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс күнтізбесіне сәйкес аталған дода 2021 жылдың 9-21 ақпаны аралығында жоспарланған. FIS кеңесінің соңғы отырысында, атап айтқанда, 2020 жылдың 25 мамырында өткен отырыста Италия қысқы спорт федерациясы халықаралық федерацияға жарыстың уақытын 2022 жылға ауыстыру туралы өтініш жасаған болатын. Оған елде коронавирус індетінің өршуі себеп болған. Италияның Кортина қаласы мен Венетто аймағында жапа шеккендер саны көбейіп, жергілікті халық үшін қаржылай қиындықтар туындады. 

FIS өтініш бойынша қысқы спорт түрінен Италия федерациясына қолдау көрсетіп, басында жоспарланғандай 2021 жылы Кортинада өткізу жолдарын қарастырды.

«Бір шешімін тауып, тау шаңғысынан 2021 жылғы әлем біріншілігі Кортинеде өтетініне қуаныштымыз. Бұл FIS-тің қысқы маусымындағы негізгі дода болмақ», – деді FISпрезиденті Джан Франко.

Хабар 24 телеарнасы