418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің футбол құрамасы Черногориямен кездеседі

  • 575
Еліміздің футбол құрамасы Черногориямен кездеседі

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы Черногорияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Черногория футбол одағының ресми сайты жазды. Жолдастық кездесу 11 қарашада Подгорицада өтеді деп жоспарланған. Осыған дейін Қазақстан мен Черногория үш рет кездескен. Оның біреуі жолдастық кездесу болса, екі рет әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір-біріне қарсы ойнаған.

2008 жылдың 27 мамырында Подгорицада 3:0 есебімен Черногория құрамасы Қазақстаннан мықты болған. 2016 жылы 8 қазанында Подгорицада өткен ойында Черногория 5:0 есебімен екінші рет ұтқан. Үшінші рет 2017 жылдың 1 қыркүйегінде 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеткен.

Айта кетерлігі, Ұлттар лигасы қыркүйек айында басталуы тиіс. Аталған додада Қазақстан С дивизионында Албания, Белоруссия және Литвамен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы